<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><hymn_number>117</hymn_number>
<lyrics>[V1]
 Мадақтаңдар Құдайды Өз Киелі үйінде!
 Мадақтаңдар Құдіреттіні көктеде!
 //  Мадақтаңдар Оны керемет істері үшін,
 Мадақтаңдар Оны зор ұлылығымен!  //

[V2]
 Мадақтаңдар Оны үнімен кернейдің
 Мадақтаңдар Оны жетіген, домбырамен,
 //  Мадақтаңдар Оны барабанмен би билеп,
 Мадақтаңдар Оны қобыз, сыбызғымен!  //

[V3]
 Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың, сыңғырымен,
 Мадақтаңдар дауылпаздың дауысымен!
 //  Жаны барлар, бүткіл ел мадақтасын Тәңірді!
 Иемізді мадақтайық, құрметтейік!  //</lyrics>
<title>Мадақтаңдар Құдайды Өз Киелі үйінде</title>
<author>Абдимакимова Н.</author>
</song>